Бөлшектерін көтерме саудалау

WAZAK

WAZAK амортизаторлары – еуропалық сапа амортизаторлары.



 
 

 
 

Өндіру кезінде пайдаланылатын материалдар сипаттамасы:

Сояуыш

Амортизаторларды жасау және пайдаланудың көп жылғы тәжірибесіне, сонымен қатар, өндіріс үрдісінде тестілеуге сүйене отырып, біз WAZAK амортизаторлары үшін өндірілетін сояуыштардың сенімділігі мен сапасына кепілдік береміз.

Амортизаторларға арналған сояуышар хроммен гальваноқаптаудан және неміс технологиясы бойынша жылтыратудан өтеді, осы арқылы үйкелістің төмен дәрежесін қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде тығыздаманың қызмет ету мерзімін ұзартады.

Тығыздама

WAZAK амортизаторларына арналған нығыздау тығыздамалары әлемдік автомобиль өнеркәсібінің басты серіктесі болып табылатын NOK (Жапония) компаниясымен өндіріледі.

Амортизатордың ішкі бөлшектері

Ұнтақты металлургияның сапалы шикізатын пайдалану, сонымен қатар, ұнтақтарды араластыру, престеу және қыздыру кезіндегі бақылау, ақырғы бұйымдардың сапасы мен сенімділігіне кепілдік береді.

WAZAK амортизаторларының барлық ішкі бөлшектері тефлонмен қапталады, бұл тозуға төзімділікті тиімді арттырады және үйкелісті азайтады.

Қақпақша

WAZAK амортизаторларында қақпақшалардың үш сатылы жүйесі пайдаланылады, бұл доңғалақтардың кез-келген тік үдеулеріне бейімделуге мүмкіндік береді.

Металл дайындамалар

WAZAK амортизаторларына арналған дайындамалар коррозияға қарсы қорғаныс дәрежесі жоғары сапалы болаттан қалыпталады.
WAZAK амортизаторлары металл қалыңдығы арттырылған құбырлардан жасалған. Құбырлардың ішкі беті хромдаудан және жылтыратудың бірнеше деңгейлерінен өтеді, сонымен қатар, тозуға төзімділік пен қызмет етудің ұзақ мерзімін қамтамасыз ететін тефлон негізіндегі қорғаныс қабатқа ие.

Амортизатор корпусының бояуы

WAZAK амортизаторларының корпусын бояу кезінде корейлік лак және бояу жасау өндірісінің өнімі қолданылады, бұл коррозиядан үздік қорғанысқа кепілдік береді.

Газ

WAZAK амортизаторлары инертті газбен (Азот) толтырылады, бұл майдың көпіруін азайтады және, өз кезегінде, басқаруда сенімділік және автомобильдің жолдағы қозғалысына тұрақтылық береді.

Гидравликалық май

Амортизаторды пайдалану кезінде мотор және гидравликалық майлар өндірісіндегі көшбасшы Fuchs(Германия) компаниясының гидравликалық майы пайдаланылады.
Тұтқырлықтың жоғары көрсеткіші температураның үлкен деңгей айырмаларына бейімделуге мүмкіндік береді. Майдың жұмыс температурасы -45 бастап +100С дейінгі ауқымда орналасқан.