Бөлшектерін көтерме саудалау

SRR

XINJIANG SITUO AUTOMOBILE PARTS MANUFACTURE CO.,LTD

SRR

  logo situo 

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

 

 

     

XINJIANG SITUO AUTOMOBILE PARTS MANUFACTURE CO., LTD компаниясы еуропалық, жапон және кәріс көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер өндіру бойынша Қытайдағы ең ірі компаниялардың бірі болып табылады. XINJIANG SITUO AUTOMOBILE PARTS MANUFACTURE CO., LTD компаниясын "SRR", "WAZAK", "JAMATO", "FDR", "TMG" және "JPS" сынды бренд атаулары арқылы таниды. Сондай-ақ, компания "KYB", "TOKICO", "NGK", "DENSO" сияқты танымал брендтердің ресми дилері болып табылады.

XINJIANG SITUO AUTOMOBILE PARTS MANUFACTURE CO., LTD Шыңжаң халықаралық компаниясы ЖШҚ негізі 1998 жылы қаланған, Үрімші қ. (Тоутуньхэ ауданының) Техникалық-экономикалық игеру аймағының Өнеркәсіптік паркі аумағында орналасқан.

Компанияның жалпы инвестициялар саны 78 млн. юаньді құрайды, өндіріс алаңы шамамен 23000 шаршы метрді, құрылыс алаңы шамамен 29800 шаршы метрді алып жатыр.

Қызметкерлеріміздің жоғары біліктілігінің және аға инженерлеріміздің кәсіпқойлығының, қуатты техникалық жабдықтаудың және озық технологиялардың арқасында біз көлік амортизаторларын, гидравликалық өнімдерді, резеңке мен пластмассадан жасалатын амортизация өнімдерін дайындау, зерттеу, жобалау және өндіру саласында айтарлықтай жетістікке жеттік.

zavod

XINJIANG SITUO AUTOMOBILE PARTS MANUFACTURE CO., LTD компаниясының өнімі халықаралық сапа сертификаттау жүйесінің ISO9001: 2000 және ISO/TS16949: 2002 сертификаттарына, өнімді міндетті сертификаттау ұлттық жүйесінің КТС сертификатына, UL өнім қауіпсіздігі сертификатына, сонымен қатар, SGS экологиялық таза шикізаттан дайындалатын өнім сертификатына ие.

XINJIANG SITUO AUTOMOBILE PARTS MANUFACTURE CO., LTD компаниясы Сіздермен бірге жаңа жемісті және өзара тиімді ынтымақтастыққа жол ашуға қуанышты.