Бөлшектерін көтерме саудалау

WXQP

Feng Hua Shen Zhou Auto Parts Co.Ltd

WXQP

  logo wxqp

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

   
     

"WXQP" және "Checkstar" сауда белгілерімен ұсынылған Feng Hua Shen Zhou Auto Parts Co. Ltd компаниясының негізі 1996 жылы қаланды. Компания «адал, әрі өзара тиімді ынтымақтастық» қағидасын ұстанады. Компанияда 200 қызметкер, соның ішінде, 50 техник-инженер еңбек етеді.

Компанияның негізгі қызметі болып неміс және жапон көлік құралдарына арналған негізгі қосалқы бөлшектерді әзірлеу және зерттеу, өндіру, сату болып табылады

Feng Hua Shen Zhou Auto Parts Co. Ltd компаниясы отандық және халықаралық өндіріс және сапаны қадағалау технологияларын үздіксіз игеруге және жетілдіруге көп көңіл бөледі. Қызмет аясын кеңейту үшін компания отандық және шетелдік нарықтарда жаңа үрдістерді ұдайы зерттеумен айналысады, қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін, озық басқару тұжырымдамаларын енгізеді, жаңа сапалы құрал-жабдық сатып алады, жетілдірілген қосалқы бөлшектер дайындайды және өндіреді.

1998 жылдан бастап компания QS9000/ISO9001, VDA6.1, ISO14001, ISO/TS16949 және т.с.с. халықаралық дәрежеде мойындалатын әртүрлі сапа сертификаттаудан өткен.

sklad

Feng Hua Shen Zhou Auto Parts Co. Ltd компаниясы өндіретін тауарлар тобы: амортизаторлар және серіппелер, көліктің ішкі бөлігіне арналған қосалқы бөлшектер, жүріс бөлігіне арналған бөлшектер, қозғалтқыш бөлшектері, шанақ бөлшектері, гидравлика бөлшектері.

Компания Volkswagen, Audi, Mercedes, BMW, Opel, Mazda, Toyota, Honda және Nissan сынды көлік құралдарына арналған 25000 түрлі қосалқы бөлшектер өндіреді.

Feng Hua Shen Zhou Auto Parts Co. Ltd компаниясы барлық ниет білдіргендерді ұтылыссыз, әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа шақырады.